Қожахмет – Маңғыстау тауларының орта бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының солтүстігінде 6 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 216 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі жайық, эрозиялық процесстерге ұшыраған. Солтүстігінде Солтүстік Ақтау, оңтүстігінде Батыс Қаратау жоталары, шығысында Жалған тауы, батысында Қарашыңырау құдығы орналасқан.
Өсімдігі Етегінде тасбұйырғын, жусан, т.б. шөл өсімдіктері басым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары