нобай|Африкалық Марабу
Африкалық марабулар — тықыр басты, түксіз мойынды және де мойнының астында салбырап тұратын қызғылт қапшығы бар үлкен құтандар. Олар тропиктік Африкадағы үлкен көлдер мен өзендердің жанындағы құрғақ ашық саванналарды мекендейді. Бұл құстар – етқоректі құстар және де кезкелген жануарды не тірідей болсын, не өлідей болсын жегенді ұнатады. Әдетте олар құстармен, жорғалаушылармен, жорғалаушылардың жұмыртқаларымен және жәндіктермен қоректенеді. нобай|Африкалық марабудың бас сүйегі
Көбеюі Марабу 6–7 жасында көбейе бастайды. Жыл мезгілдері айқын алмасатын өңірлерде құрғақ маусымда ұя салып, балапандарын жаңбырлы маусымда өргізеді. Олар қызғылт арқалы бірқазан, ақбауыр дегелек, африкалық ашықтұмсық және басқа да ірі құстармен бірге 20–60 жұптан бірнеше мың жұпқа дейін жететін аралас колониялар түзеді. Мұндай колониялар ұзақ уақыт бойы сақталып, бір аумақтың 50 жылдан астам қатарынан пайдаланылған жағдайлары белгілі.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша жануарлар Санат:Африка құстары