Филиппиндік тарсиер немесе сирихта () — приматтардың бір түрі.
Сипаттамасы
Ересек тарсиер денесінің ұзындығы – шамамен 10 см, шашы жоқ, құйрығы денеден ұзын. Тарсиердің еркегінің орташа салмағы – шамамен 134 г, аналықтарының салмағы – шамамен 117 г.
Тарсиердің басы үлкен, дөңгелек, шамамен 360° бұрыла алады. Көздері өте үлкен. Түнгі өмір салтына бейімделген. Жылжымалы құлағы арқылы жақсы естиді. Әсіресе артқы аяқтары жақсы дамыған және оның ұзартылған білектері бар. Тарсиерлер бірнеше метр қашықтыққа секіруге қабілетті. Саусақтары ұзын, жалпақ жастықшалы. Жібектей, сұрдан қою қоңыр түске дейінгі терісі қалың. Тіс формуласының жоғары жағы: 2:1:3:3; төменгі жағы: 1:1:3:3. Жоғарғы жақтағы тістері салыстырмалы түрде кішкентай.
Мекені
Филиппиндік тарсиер – Филиппиннің Висайя және Минданао аралдарында кездесетін эндемикалық түр.
Филиппиндік тарсиер – бұл түнгі, негізінен инсективті жануар. Ол ағаштардың бұтақтарында, бұталарда, бамбукты баурайларда тұрады. Жерге түспей, ағаштан ағашқа секіре алады. Табиғи жағдайда тарсиерлер тұрақты топ құрмай, әр тарсиер тропикалық орманның өз аумағын мекен етеді.
Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар Санат:Оңтүстік-шығыс Азия сүтқоректілері