Сарғалдақ – Сарықұм құмының солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Гүлшат ауылының солтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 516 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Солтүстік-шығысында Шеңгелді, батысында Ақбалшық қоныстары, оңтүстік-батысында Қоңырбел, оңтүстігінде Жуантөбе таулары бар.
Өсімдігі Сұр, қоңыр топырақ жамылғысында баялыш, көкпек, боз, қара жусан, сораң, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары