Конюхов ауданы — 1944-1963 жылдары болған Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік бөлінісінің бірлігі. Орталығы – Қарақоға ауылы.
Тарихы Конюхов ауданы 1944 жылы 8 мамырда Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысының құрамында құрылды.
1951 жылғы мәліметтер бойынша аудан құрамына 13 ауылдық кеңес кірді: Березняков, Воскресен, Зарослый, Камышлов, Колос, Конюхов, Куломзин, Лебяжі, Ново-Успен, Октябрь, Пролетар, Суворов және Чистян.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1952 жылғы 3 сәуірдегі қаулысымен аудан орталығы Конюхово ауылынан Қарақоға ауылына көшірілді. Бұған аудан басшыларына үй-жай мен баспананың жоқтығы себеп болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1952 жылғы 10 мамырдағы қаулысымен Новоуспен ауылдық кеңесіне қарасты Свят және Красное ауылдары Чистян ауылдық кеңесінің құрамына берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен Қарақоға ауылдық кеңесіне қарасты Образец, Красное және Амбарное ауылдары Булаев ауданының Надеждин ауылдық кеңесінің құрамына берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1958 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен Зарослый ауылдық кеңесіне қарасты Суворовка, Правдино, Рязанка және Райтоп ауылдары Октябрь ауылдық кеңесінің құрамына берілді.
1959 жылы аудан құрамында 9 ауылдық кеңес болды: Зарослый, Қарақоға, Колос, Конюхов, Куломзин, Лебяжі, Ново-Успен, Октябрь, Пролетар.
Аудан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы қаулысымен таратылып, Булаев ауданына 6 ауылдық кеңесі – Қарақоға, Колос, Конюхов, Лебяжі, Октябрь және Чистов ауылдық кеңестері берілді.
Тұрғындары 1959 жылғы халық санағы бойынша ауданда 16 821 адам тұрған.
Аудан басшылары
Қазақстан Компартиясы Конюхово аудандық комитетінің бірінші хатшылары Сыромятников Павел Андреевич (1944—1945) Кийко Алексей Иванович (1945—1948) Қамалетдинов Масғұт Уәлиұлы (1949) Марков Виталий Васильевич (1949—1959) Шалимов Гавриил Иванович (1959—1962) Набиулин Анис Гатауллович (1962—1963)
Конюхово аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағалары Чупрасов Петр Васильевич (1944—1949) Высовень Михаил Федорович (1949—1950) Филиппенко Петр Яковлевич (1950—1955) Мишкарев Н.С. (1956—1957) Қаскеев Ғазиз Естайұлы (1957—1963)Первые руководители Северо-казахстанской области и районов, Справочно-биографическое издание, Петропаловск, 2010, Редакционный совет: Билялов С. С., Бикенов Р. Т., Искаков Ж. Г. и тд. Редактор: Куантаев А. К.
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары