Бақытгүл Дәуітбекқызы Ысқақ (1 қаңтар 1963 ж. т. Шығыс Қазақстан (Семей) облысы, Тарбағатай (Ақсуат) ауданы, Ақжайлау ауылы) – тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша (1985) бітірген. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.
Еңбек жолы Орта мектепте аға пионер вожатый (1980-1981), орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (1985-1989), жоғары оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1989-2017) болып жұмыс істеді, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі (2007-2009), Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректор (2009-2017) лауазымдық қызметін атқарды, Еңбек жолын Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО»КеАҚ-да жетекші ғылыми қызметкер (2009-2017), Терминология басқармасының басшысы (2019 ж.) қызметінде жалғастыруда.
Негізгі ғылыми еңбектері Филология ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қалиевтің жетекшілігімен «М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі және қазіргі қазақ тіліндегі етістік категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 30-ға жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалары, монографиялық еңбегі жарық көрген. Қазақ тілінің морфологиясы, терминологиясы мәселелерімен шұғылданады.
Санат:Филологтар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары