Сарыоба – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 484 м. Ендік бағытта созылып жатқан таудың ұзындығы 3 км, енді жері 1,5 км. Тау басы доғал, беткейлері көлбеу келген. Солтүстігінде Тараншы өзенінің негізінде шағын бөгендер салынған. Солтүстік-шығысында Қарасай, оңтүстігінде, Тараншы өзенінің бойында Талдысай қыстауы орналасқан.

Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында қараған, тобылғы бұталары аралас жусанды-бетегелі қуаң дала ландшафтысы қалыптасқан. Етегі мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары