Франклин Делано Рузвельт- Name Meaning & Origin (, 30 қаңтар 1882 жыл, Нью-Йорк штаты – 12 сәуір 1945 жыл, Уорм-Спрингс, Джорджия штаты) — ХХ ғасырдың бірінші жартысының әйгілі саясаткерлерінің бірі, АҚШ-тың 32-президенті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және Ұлы тоқырау жылдары АҚШ-ты басқарған. АҚШ-тың тарихындағы екі мерзімнен астам сайланған жалғыз президент. Германияның КСРО-ға шабуылынан кейін ол Кеңес Одағының Құрама Штаттары тарапынан қолдауға ие болатыны туралы мәлімдеме жасады.

Өмірбаяны 1904 жылы Гарвард университетін, 1907 жылы Колумбия университетін бітіріп, заңгер мамандығын алған.

1910 жылы Демократиялық партиядан Нью-Йорк штатының сенатына сайланды. 1912 жылы қайта сайланды. 1913-20 жылдары АҚШ Теңіз істері министрінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1928 жылы Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды.

1930 жылы қайта сайланып, дағдарыс кезінде күйзелген халыққа мемлекет тарапынан көмек беру жүйесін құрады. 1932 жылдан бастап президенттік сайлауларда қатарынан төрт мәрте жеңіске жетеді. Демократтар мен Франклин Делано Рузвельттің елді дағдарыстан шығару бағдарламасы «жаңа бағыт» деп атанды. Бұл бағдарлама мемлекеттің қаржы, экономика-әлеуметтік саласы жан-жақты қамтылған терең жүйелі реформа болды. Франклин Делано Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтереді, елдің сыртқы саяси ұстаным, бағдарларына да өзгерістер енгізіледі.

1933 жылдың қарашасында АҚШ пен КСРО арасында дипломаттық қатынас орнап, келіссөздер жасалады. АҚШ-тың Гитлерге қарсы одаққа қатысуы Франклин Делано Рузвельт есімімен тығыз байланысты. Франклин Делано Рузвельт АҚШ-тың Латын Америкасы елдеріне көзқарасын өзгертіп, 1933 жылы «Тату көрші» саясатын жариялайды да, Гаитиден АҚШ әскерлерін қайтарып алады.

1930 жылдары фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясат жүргізуі және соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Еуропаға қатысты саясатта Франклин Делано Рузвельт пен оның пікірлестері Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттерімен, оның ішінде Англиямен, жақындасу қажет деген ойда болды. Алайда АҚШ бейтарап саясат ұстануға ұмтылды. 1935 жылы конгресс бейтараптылық туралы заң қабылдайды. thumb|left|200px|Черчилль, Рузвельт (ортада) және Сталин, Ялта конференциясы 1945 ж. Америкалықтар өз тарихында тұңғыш және соңғы рет 1940 жылы Франклин Делано Рузвельтті үшінші рет президент етіп сайлайды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Франклин Делано Рузвельт әкімшілігі конгресстен бейтараптылық туралы заңды жоюға және Англия мен Францияға әскери жабдықтар беруге мүмкіншілік алды. 1941 жылы 11 наурызда ленд-лиз туралы заң қабылданады. Бұл заң фашистік басқыншылыққа қарсы күрес жүргізіп жатқан елдерге құрал-жабдықтарды жалға беруге рұқсат ететін заң болатын. 1943 жылы қаңтарда Касабланкада өткен конференцияда Рузвельт Германияның, Италия және Жапонияның «сөзсіз тізе бүккеніне» дейін соғысатынын мәлімдеді. Үш ұлы держава: КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшылары Тегеранда (1943 жылы 28 қарашада ) және Қырымда (1945 жылы ақпан ) өткен конференциялар шешімдеріне қол қойды. 1944 жылы дүниежүзілік соғыстың болып жатқандығына байланысты 4-рет президент болып сайланған кезде Франклин Делано Рузвельт соғыстан кейін Ұлы державалардың ынтымағын нығайту жөнінде пікір ұсынды.

Рузвельт мемлекет қайраткері және дипломат ретінде АҚШ саясатының соғыстан кейінгі қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып, 20-шы саясаткер ретінде тарихта қалды.

Дереккөздер

Сiлтемелер «Инфляция», В. Кизилов, Гр. Сапов. Вивиан Грин. Безумные короли. М. «Зевс». 1997 Шваниц В. Г. Америка және үшінші Рейх (America and the Third Reich, Webversion 5-2010 ) Franklin Delano Roosevelt: A Resource Guide from the Library of Congress Full audio of over 40 Roosevelt speeches (including a full set of fireside chats) via the Miller Center of Public Affairs (UVa)

Санат:АҚШ президенттері Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:Колумбия университеті түлектері