Қызылқоға ауданы — Атырау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ауданы. Әкімшілік орталығы — Миялы ауылы.
Жалпы сипаттамасы thumb|солға|200px| Қызылқоға жерін Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.Ауданның территориясы 24,9 мың шаршы км. Жер рельефі — тегіс. Қызылқоға ауданы батысында Атырау облысының Индер ауданымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Қаратөбе аудандарымен, шығысында Ақтөбе облысының Ойыл және Байғанин аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Мақат және Жылыой аудандарымен шектеседі.Атамекен Географиялық энцикопедия. Алматы 2011
Қызылқоға ауданының территориясы Шығыс Еуропа жазығының жалғасы, сондықтан да жер бедері негізінен жазық болып келеді. (Аудан территориясы оңтүстікке қарай теңіз деңгейінен төмендей береді). Еуразия материгінің ішкері аймағында орналасқан, яғни Атлант мұхитынан 2500 км қашықтықта жатыр. Сондықтан да аудан табиғаты қатаң континентті. Солтүстік Батысын Орал маңы үстіртінің оңтүстік беткейлері қамтыған. Аудан территориясында Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі жатыр. Көктем кезінде еріген қар суын жинайтын ойпаңдар, көлшіктер көп, онда әртүрлі өсімдіктер өседі. Каспий маңы ойпатында кең тараған жер бедерінің бір түрі - сорлар. Олардың тереңдігі -10-20 м. Сорлар қар еріген кезде сай-саладан су құйылып, бетіне шығып жатқан тұзды ерітеді. Жаз айларында (маусым, шілде) құрғап, бетінде тұздың жұқа қабыршақтары қалыптасады (Қазанғап, Құлпейіс, Шажабай сорлары). Аудан территориясында құмды шағылдар көп. Тайсойған, Бүйрек құмдары үлкен территорияны алып жатыр. Мұндағы құм теңіздің тартылған орнында пайда болған. Қызылқоға ауданының территориясы - кембрийге дейінгі кезеңнің қатты кристалды жыныстарынан құрылған Шығыс Европа платформасында жатыр. Кристалды жыныстар 7000-8000 м тереңде, палеозой, мезо-кайнозой шөгінділерінің астында қалған. Орогендік қозғалыстардан пайда болған тұз күмбездерінен пермь, юра, бор дәуірінің жыныстары түзілген. Бор дәуірінің жыныстары аудан территориясында біркелкі таралған. Бұлар тұз күмбезі көтерілген аудандарда жер бетіне жақын, кейде шығып жатады. Олар құм, ақтас, мергелден тұрады, кейде қалыңдығы 100 м-ден асады. Аудан территориясы мыңдаған жылдар бойы теңіз түбі болып келген, кейбір жыныстардан теңіз фаунасының қалдығын көруге болады.
Тарихы Ауданды алғаш құру туралы шешім 1928 ж. наурыздың 27-сінде қабылданған, одан бұрын бұл аудан жеріндегі болыстар Орал, Ақтөбе облыстарының құрамында болған. 1928 жылдың аяғында 663 мүшесі бар мал шаруашылығымен айналысатын 6 ұжымшар ұйымдастырылды. 1930 ж. ауданда 4250 жеке шаруашылық немесе барлық отбасының 54%-ы серіктестіктерге топтастырылды. Осы жылы аудандағы 8013 отбасы 34 ауылдық кеңестер құрамына енді. Бірақ сол жылғы шілденің 23-інде Гурьев облысы таратылғаннан кейін аудан жері Доссор ауданына қосылды. 1944 жылғы сәуір айында ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Гурьев облысының құрамында Қызылқоға ауданы болып қайта құрылды және негізгі жер аумағы Мақат ауданынан бөлінетін 11 ұжымшар есебінен жасақталды. Орал облысының Тайпақ ауданынан 8 ұжымшар қосылып, ауданда барлығы 30 ұжымшар және «Гурьев» асыл тұқымды қой өсіру кеңшары жұмыс істеді. Әуелі аудан орталығы Қызылқоға елді мекенінде болды, кейіннен 1952 жылы Қарабау ауылына, ал 1959 жылы Миялы ауылына көшірілді.
Климаты Қызылқоға ауданының климаты қатаң континентті, қысы суық, батыстан келетін ауа массасының өсерінен кейде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыстық, құрғақ, әрі ұзақ болады. Күн сәулесі мол түседі. Құрғақшылық жиі болады, қар жамылғысы жұқа мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көктемде топырақтың ылғал қоры аз болады. Қызылқоға ауданының территориясы қоңыржай белдеуде жатыр. Күн радиациясының түсу мөлшері қандай ендікте жатқанына, күннің жарықтығы мен ұзақтығына байланысты. Қыста арктикалық ауа массасының әсері зор. Азия антициклоны ішкерілей еніп, ауаның температурасын қатты суытады. Жазда ыстық ауа райын түзеді. Атлант мұхитынан келетін ауа қай мерзімде болсын климатты жылытады, ылғал әкеледі.
Климат, ауа райы жағдайы аймақтың Еуразия құрлығының бел ортасында, мұхит пен теңізден шалғай жатуына тікелей байланысты. Атмосфералық айналым мен алқаптың жер-бедері ауа райын түзуші маңызды жайт болып табылады. Жыл бойы аймақ жеріне ауа ағымының үш негізгі түрі әсер етеді: арктикалық, полярлық (немесе қоңыржай белдеулік) және тропикалық. Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант пен Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа еркін өтеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықты жүріп өтіп, көп ылғалын жоғалтады. Сөйте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі бөлігін әкеліп, қыста температураны жоғарылатады да, жазда төмендетеді. Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән. Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мұндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіларалық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты, көктемде кеш (бесқонақ), күзде ерте суық түсулері болып тұрады.
Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді. Осы жайттардың әсерінен тым құрғақ континенттік климат қалыптасады.
Ауданға тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгіл бойынша тең таралмаған, ауасы құрғақ; бұлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол.
Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік- батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлдің қалыптасуына әкеліп соқтырады. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны халық шаруашылығында пайдалануға болады. Қауіпті жел бұл аймаққа төн құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6-7 м/ сек, бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз (күндіз теңізден құрлыққа қарай, ал түнде керісінше құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады.Қызылқоға - құт мекен. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005 ж. ISBN 9965-599-97-1
Әкімшілік бөлінісі Сурет:Қызылқоға ауданының картасы.jpg Аудандағы 26 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Жамбыл ауылдық округі Қаракөл ауылы 2 1514 Жангелдин ауылдық округі Жангелдин ауылы 1 1575 Көздіқара ауылдық округі Қоныстану ауылы 3 1698 Қызылқоға ауылдық округі Қарабау ауылы 2 1346Миялы ауылдық округі Миялы ауылы 1 7569Мұқыр ауылдық округі Мұқыр ауылы 7 4418Ойыл ауылдық округі Жасқайрат ауылы 2 2263 Сағыз ауылдық округі Сағыз ауылы 4 7441 Тайсойған ауылдық округі Тайсойған ауылы 1 889 Тасшағыл ауылдық округі Тасшағыл ауылы 3 1732
Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Миялы ауыл 7569 Сағыз ауыл 7249 Мұқыр ауыл 3335 Жасқайрат ауыл 2137 Тасшағыл ауыл 1590 Жангелдин ауыл 1575 Қоныстану ауыл 1511 Қаракөл ауыл 1454 Қарабау ауыл 1311 Тайсойған ауыл 889
Аудан әкімдері Әлібек Нәутиев 1997-2003 Жанкелді Рахметқалиев 2003-2009 Берікқали Сәрсенғалиев 2009-2012 Сырым Рысқалиев 2012 Мақсот Мұқанов 2012-2017 Арман Баженов 2017-2019 Нұрсұлтан Бисембиев 2019-2022 Қанат Әзмұханов 2022-
Жер беті сулары thumb|right|200px|Ойыл өзеніАуданның солтүстік жағын қамтитын өзен жүйесін Тайсойған мен Бүйрекқұмды солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қиып өтетін Ойыл (төменгі ағысы) мен оның Көздіқара, Құройыл және Жарыпшыққан (оның тармағы Жаманащы) тармақтары, ал оңтүстік-шығыс жағындағы жүйесін Ноғайты, Топырақшашты, Бұрмасай және Мұқыр атты салалары мен Сағыз өзенінің орта ағысы, сондай-ақ Ойыл мен Сағыз өзенінің бойларындағы кішігірім көлдер мен көптеген құдықтар (Аққұдық, Белқұдық, Тақырқұдық, Қарағанқазғанқұдық, т.б.) құрайды. Бұл ауданда кісі атымен байланысты қойылған Ермек өзені бар.
Халқы 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2023 17123 24760 28009 31161 30915 30488 30734 Тұрғыны 31,8 мың адам (2014). Қызылқоға ауданында, негізінен, қазақтар тұрады, халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге 1,2 адамнан астам. Халқының басым бөлігі Ойыл және Сағыз өзендеріне жақын елді мекендерге шоғырланған.
Шаруашылығы thumb|right|200px|Қызылқоға ауданы — ауыл шаруашылықты аудан, ежелден төрт түліктің мекені. Бұл өңірдің жері құнарлы, мал өсіруге өте қолайлы. Қазір ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 554 338 гектар жер бөлінген. Ауданда 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив, 2 агрофирма, 6 өндірістік кооператив, 296 шаруа қожалығы бар. Қазіргі таңда мүйізді ірі қара – 32256, қой мен ешкі – 142148, жылқы – 16935, түйе 1802-ден астам.Атырау газеті.Atr.kz/15 қараша, 2019 жыл Сағыз бен Ойыл өзендерінің бойында, Тайсойған құмындағы бұлақтар басында аздаған суармалы егіншілік бар, мұнда негізінен тары өсіріледі. Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 1598. Олардың 74-і – заңды тұлға, 298-і шаруа қожалығы болса, 1226-сы – жеке кәсіпкерлер. Қызылқоға ауданында кен байлықтарынан мұнай, құрылыс материалдары (саз, құмтас) кездеседі.
Пайдалы қазбалары Қызылқоға ауданының тектоникалық өзгерістерінде жанартау, тау түзілу процестері болмағандықтан пайдалы қазбалар көбіне шөгінді жыныстар мен ежелгі теңіз жануарлары қалдықтарымен байланысты. Аудан территориясында мұнай жөне газ қоры бар екендігі анықталды. Шөгінді жыныстардың астында жатқан қалыңдығы 5000-8000 метрге жететін тұз қабаты мұнай қорын зерттеуге толық мүмкіндік бермей отыр. Тұз қабатының үсті құмды қиыршық тастармен, саз және әктастармен жабылған. Аудан территориясында құрылыс материалдары да кең тараған (қиыршық құм, әктас, саз т.б.). Миялы селосына таяу жердегі Қартаман сорынан тұз алына бастады.
Экологиялық жағдайы Қызылқоға ауданының 750 мың га жерін Тайсойған деп аталатын полигон алып жатыр. Бұл жер 1952 жылдың сәуір айындағы КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен әскери мақсатқа берілді. Полигонды стратегиялық мақсаттағы ракета әскері мен әуе соғысы күштері пайдаланды. Тайсойған полигоны 3 бөлімшеден тұрады. Аймақта 2000 т-дан астам соғыс техникасы қалдықтары шашылып, кейіннен қалпына келтірілді. Аудан аумағының үштен екі бөлігі дерлік полигонда орналасқан. Аудан тұрғындарының денсаулығы аса күрделі жағдайда тұр. Әйелдер анемиясы, аналардың мезгілінен бұрын босануы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі, жүрек, қантамырлары аурулары, өкпе ауруы, қатерлі ісік аурулары республика бойынша орта деңгейден әлдеқайда асып кеткен. Экологиялық жағынан қолайсыз, қоршаған ортаға зиянды заттар шығару көрсеткіші ауданда өте жоғары. Тайсойған құмдарында орналасқан отарларда мал шығыны көбірек кездесті. Сондай-ақ Қызылқоға өңірінде аса қауіпті жұқпалы ауру - обаның ошақтары бар. Жарылыс болған жер маңайындағы өсімдіктер өзгеріске ұшыраған. Топырақ, ауа, су белгілі бір дөрежеде ластанып бүлінген.
Топырақ жамылғысы Топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі әртүрлі. Олар белгілі географиялық заңдылықтарға бағына таралған. Бұл аймаққа үш ендіктік табиғи өңірлілік тән: далалық, шөлейттік (жартылай шөлдік) және шөлдік. Жеке өңірлік табиғи аралықтар ішінде айтарлықтай өзгерістер болып тұрады. Мұндай аймақтық және жергілікті ерекшеліктер қазіргі ландшафтың қалыптасу тарихына, физикалық-географиялық жағдайға, жер бедеріне, шөгінді жыныстарға және климатқа тікелей байланысты. Топырақ жамылғысы табиғи өңірлерге сәйкес дамыған. Аймақ алқабында қара, каштанды, қоңыр, сұрғылт қоңыр топырақтар басым тараған. Оңтүстіктік гумусы аз қара топырақ құрғақ дала аумағында дамыған, түрлі шөпті-қызылбетегелі өсімдік астында қалыптасқан. Қызылқоға ауданының территориясы шөлейт зонасында жатыр.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі