Рентинг (ағылшынның rentіng – жалгерлік) – жалгердің машиналар мен жабдықты, механизмдерді кейіннен сатып алу құқығынсыз қысқа мерзімге жалдауы. Рентинг бойынша жалгерлік төлемі лизинг бойынша жалгерлік төлемнен жоғары.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 Иеленушісі – жалға беруші ретінде әрекет ететін және жалға берілетін құндылықты жалгерлік туралы шарттың қолданылу мерзімі бойына меншіктену құқығын сақтайтын рентингілік компания. Пайдаланушысы – заңды және жеке тұлға. Оның лизингіге ұқсастығы да, одан айырмашылығы да бар. ref> Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref> Дереккөздер
Сілтемелер Иеленуші Пайдаланушы Лизинг
Санат:Экономика Санат:Қаржы Санат:Банк терминдері