Накисбаев Владимир Иванович (29.1.1951 жылы туған, Ресей, Примор өлкесі, Артемов ауданы Кневичи с.) – әскери қайраткер, генерал-майор. Қазақ химия-технология институтын (1973), Мәскеу гуманитарлық институтының филиалын (2002) бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Қаратау кен-химия комбинатында электр слесарьларының бригадирі болып бастаған. 1974–76 жылдары «Қазхимремстроймонтаж» тресінің 1-жөндеу-құрылыс монтаж басқармасының инженері, бөлім бастығы болып істеді. 1977–87 жылдары Қазақ КСР Министрлік Кабинеті жанындағы МҚК-нің Шымкент облысы басқармасының үкіметтік байланыс бөлімінің инженері, уәкілетті өкілі, аға уәкілетті өкілі, 1988–95 жылдары осы басқарманың Батыс Қазақстан облысындағы өкілі болды. 1999 жылдан ҚР ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы департаментінің бастығы. 2-дәрежелі «Даңқ» орденімен (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», т.б. көптеген медальдармен марапатталған. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» (2003), «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» (2004).Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат:Тұлғалар

Санат:1951 жылы туғандар