Бишенте Лизаразю (Лисарасу) ( , ; 9 желтоқсан 1969https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/210) — франциялық футболшы, қорғаушы. 1998 жылғы әлем, 2000 жылғы Еуропа чемпионы. Әлем футболы тарихындағы ең үздік қорғаушылардың бірі.
Өмірбаяны Франциядағы Баскон аймағында дүниеге келген. Ата-анасы Бишенте деп ат қойғанымен, жергілікті шенеуніктердің бірі баск есімін туу туралы куәлікке тіркеуге қарсы болды да, Биксент деп жазылып кетті.
"Бордо" клубының түлегі. 1996 жылы "Атлетик Бильбаода" бір маусым ғана ойнап, Германияға жол тартты. Содан кейінгі жарқыраған жылдарының бәрі "Баварияда" өтті. "Бавария" сапында мүмкін болған жүлделердің бәріне қол жеткізді.
Футболдан бөлек бразил джиу-дитсуымен де айналысқан, тіпті 2009 жылы өз жасындағылар арасында әлем чемпионы атанды да.
Қазір Баскондағы Сибуре қаласында тұрады.
Жетістіктері Бавария
Германия чемпионы: 1999, 2000, 2001, 2003, 2005, 2006 Германия кубогы: 1998, 2000, 2003, 2005, 2006 Чемпиондар Лигасы: 2001 Құрлықаралық кубок: 2001 Германия Лига кубогы: 1999, 2001
Франция
Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Конфедерациялар кубогы: 2001, 2003 . Дереккөздер
Әдебиет Жан Филипп, Патрик Форт. Зинедин Зидан. Биография. — Эксмо, 2019. — 432 б. — ISBN 978-5-04-095923-5. Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Атлетик Бильбао ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары