Стефан Пьер Ив Гиварш (; 6 қыркүйек 1970https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/102753, Конкарно, Франция) — франциялық футболшы, шабуылшы. 1998 жылғы әлем чемпионы. Кейін бапкерлікпен де айналысты.
Карьерасы Карьерасында Франция, Англия, Шотландия клубтарында ойнады. Ал шындығында Англияда ("Ньюкасл Юнайтедте") төрт ай ғана, Шотландияда ("Глазго Рейнджерсте") бір маусым ғана доп теуіп, қалған уақытта Франция клубтарында өнер көрсетті.
Гиварш жолы ауыр футболшылардың қатарына жатады, сол себепті де клубты көп ауыстырған. Оның бақытына орай, 1997/98 жылғы маусым сәтті аяқталып, ("Осер" сапында Франция чемпионатында 21 гол соғып, қатарынан екі маусым үздік мерген атанды) ұлттық құрамаға шақырту алды да, өз елінде өткен әлем чемпионатына қатысты. Әлем чемпионатында шабуылшы бір гол да соға алмады, тек финалда оның бұрыштан берген добын Зидан баспен соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Бұдан соң ұлттық құрамадан шақырту алмады.
Жетістіктері
Халықаралық
Әлем чемпионы: 1998
Жеке
Франция чемпионатының үздік мергені: 1996/97, 1997/98
Дереккөздер
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Брест ФК ойыншылары Санат:Генгам ФК ойыншылары Санат:Осер ФК ойыншылары Санат:Ренн ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары