Тоқтар Сәбитұлы Жанқылышбай 25 мамыр 1993 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/191632, Қарағанды, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Қызылжар" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық Қарағанды футболының түлегі. Қарағандылық клубтағы тұңғыш ойынын 2011 жылы 21 мамыр күні (не-бары 17 жасында) "Қайратқа" қарсы өткізді. 88-минутта алаңға шықты да, 90-минутта дебют голын соғып та үлгерді.
Кейін Тоқтар Қазақстанның бірнеше клубтарында доп тепті. 2015 жылы "Астанаға" шақырылғанымен, бес кездесуде алаңға шықты да, "Қайратқа" жалға берілді. Жыл соңында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
"Қайратта" да тұрақтай алмай (2015 жылы 2 рет қана чемпионат ойындарында алаңға шықты) 2016 жылы "Ақтөбеге" ауысты. Бірақ маусым ортасында "Жетісуға" өтті. 2017 жылы да мaусым ортасында клуб ауыстыруға тура келді: "Тобылдан" "Қайсарға" ауысты.
Ұлттық құрама Қазақстанның 19, 21 жасқа дейінгі құрамаларында ойнады.
2015 жылы наурызда Юрий Красножан Ресеймен жолдастық кездесуде ойынға қосты. Бірақ содан кейін Тоқтарды ешкім құрамаға шақырған жоқ.
Жетістіктері
Командалық «Шахтёр»
Қазақстан чемпионы (1): 2011 Қазақстан кубогы (1): 2013 Қазақстан суперкубогы (1): 2013 Дереккөздер
Сілтемелер Профиль Профиль Профиль Профиль
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Мақтаарал ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары