Оспан Абдуллаұлы Қарашбаев (6 шілде 1962 жыл, Түркістан, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, шабуыл шебінде ойнаған.

Карьерасы Бүкіл карьерасында тек Түркістанның "Яссы-Сайрам" клубында доп тепкен. Карьеасын 1989 жылы Қазақ КСР чемпионатында бастады (ол кезде клуб "Монтажник" деп аталатын). Бұл маусымда бес кездесуде алаңға шығып, бес рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.

1992 жылы Қазақстан чемпионатында және Қазақстан кубогында бақ сынады. "Монтажник" ширек финалға дейін жетті де, Оспан 3 доппен мергендер көшінде 6 орын алды. 1994 жылы өзінің соңғы маусымында да Қазақстан кубогіндегі мергендер сапында төрт голмен алғашқы үштікке ілінді. Ал клуб бірінші лигаға түсіп кетті де, жасы отыздан асқан Оспан да карьерасын аяқтады.

2004 жылы "Яссы" клубының директоры боп тағайындалды. Бірақ клуб көп ұзамай жабылып қалды.

Жеке өмірі Ұлы — Самат Қарашбаев та футболшы.

Жетістіктері

Жеке

Қазақстан кубогының мергендер көшінде екінші орын: 1994

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Түркістан ФК ойыншылары