Сесар Арсо Ампоста (; 21 қаңтар 1986, Вильярреаль, Испания) — испан футболшысы, "Химнастик" клубының қорғаушысы.

Карьерасы Карьерасын 2003 жылы "Вильярреал" сапында бастап, екі жыл қатарынан Интертото кубогын жеңіп алды. 2006-2008 жылдары "Рекреативо", "Мурсия" клубтарына жалға берілді. 2009-11 жылдары "Вальядолидте" ойнады.

2011 жылы тұңғыш рет шетелдік клубпен келісім шарт жасасып, "Гент" сапына өтті.

2016 жылдың ортасында "Қайратқа" ауысып, маусым соңына дейін 12 ойында алаңға шығып үлгерді, сол маусымда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2017 жылы Қазақстан суперкуьогын ұтып алды.

2018 жылы туған клубы "Химнастикке" араға 15 жыл салып қайта оралды.

Жетістіктері

Командалық

«Вильярреал»

Интертото кубогы: 2003, 2004

АЕК

Грекия кубогы: 2015/16

«Қайрат»

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2016, 2017 Қазақстан кубогы: 2017 Қазақстан суперкубогы: 2017

Дереккөздер

Санат:Испания футболшылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Рекреативо ФК ойыншылары Санат:Мурсия ФК ойыншылары Санат:Реал Вальядолид ФК ойыншылары Санат:Гент ФК ойыншылары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары Санат:Бейтар Иерусалим ФК ойыншылары Санат:АЕК Афина ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Химнастик Таррагона ФК ойыншылары