Ойбек Ұлықбекұлы Балтабаев (өзб. Ойбек Улыгбекулы Балтабаев; 13 маусым 1994) — қазақстандық футболшы, "Ертіс" клубының жартылай қорғаушысы. Қазақстан жастар құрамасында ойнаған. Карьерасы "Қайрат Академия" (2011 жылы "Цесна" деп аталатын еді) клубының түлегі. 2012 жылы "Қайраттың" негізгі клубына тартылғанымен, ұлттық чемпионатта емес, орынбасарлар клубында ғана ойнап жүрді. 2016 жылы "Мақтаарал" сапында бірінші лигада тұрақты алаңға шығып, бір маусымнан соң "Қайратқа" қайта оралды. Бұл жолы да негізгі құрамнан орын оншалық көп тие қоймай, арасында "Қайрат" жастар клубы сапында да ойнап жүрді.
2018 жылы Өскеменнің "Алтай" клубына ауысып, бірінші лигада ойнады.
2019 жылы "Ертіске" ауысты.
2015 жылы Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасында үш кездесуде алаңға шықты. Жетістіктері Командалық Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2017 Қазақстан кубогы: 2017 Қазақстан суперкубогы: 2017 Сілтемелер Статистикасы
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Мақтаарал ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары