Радий Фәритұлы Хәбиров (,, 20 наурыз 1964 д.к., Сайран, Ишимбай ауданы, Башқұрт АССР, РКФСР, КСРО) — ресейлік саясаткер. 2018 жылдың 11 қазанынан бастап Башқұртстан Республикасының Басшысы міндетін уақытша атқарушы.

Өмірбаяны Педагогтар отбасында дүниеге келген. Үш ұлдың кішісі.

Білімі 1984—1989 — Башқұрт мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті.

1992—1994 — Білкент Университетінің магистранты, Анкара, Түркия республикасы.

Қарулы Күштердегі қызметі 1982—1984 — КСРО Қарулы күштерінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі.

Еңбек қызметі 1981—1982 — Ишимбай көліктік машина жасау зауытындағы фрезерлеуші маманының оқушысы.

1989—1992 — БашМУ-дің заң факультетінің мемлекеттік құқық және кеңес құрылысы факультетінде кафедра ассистенті, БашМУ студенттерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1994—1998 — БМУ-да заң факультетінің аға оқытушысы.

1998—2002 заң факультеті деканының орынбасары, доцент.

2002—2003 — Башқұрт мемлекеттік университеті Құқық институты директорының міндетін атқарушы, кейін директоры.

Саяси мансабы Қыркүйек 2003 — шілде 2008 Башқұртстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

27 тамыз 2008 — желтоқсан 2008 — Ресей Федерациясының Федералды Жиналысымен және Ресей Федерациясы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының саяси партияларымен өзара іс-әрекет жөніндегі департаменттің директоры.

2009 жылдан бері — РФ Президентінің ішкі саясат басқарма бастығының орынбасары.

19 қыркүйек 2016 — РФ Президентінің ішкі саясат басқарма бастығының орынбасары қызметінен босату туралы өтініш бердіРадий Хабиров покинет пост куратордың мемлекеттік дума сайлауынан кейін.

25 қаңтар 2017 — Мәскеу облысы Красногорск қалалық округі басшысының өкілеттігін уақытша атқарушы.

28 наурыз 2017 - 11 қыркүйек 2018 — Мәскеу облысы Красногорск қалалық округінің басшысы.

Башқұртстан Республикасы Басшысының МУА 2018 жылдың 11 қазанынан бастап Башқұртстан Республикасы Басшысының міндетін уақытша атқарушы. Башқұртстан Республикасы Басшысының сайлауы 2019 жылы 8 қыркүйекте болады.

Қызығушылығы Классикалық және грек-рим күресінен (№ 2 Ишимбай БЖСМ тәрбиеленушісіҚол жеткізу) спорт шебері,. Классикалық әдебиетті оқығанды жақсы көреді, ағылшын тілінде еркін сөйлейді.

Дереккөздер

Санат:20 наурызда туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:Сайрановода туғандар Санат:Башқұрт мемлекеттік университеті түлектері Санат:Билькент университеті түлектері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:КСРО заңгерлері Санат:Ресей заңгерлері Санат:ХХ ғасыр заңгерлері Санат:ХХІ ғасыр заңгерлері Санат:Александр Невский орденінің (Ресей Федерациясы) иегерлері Санат:Құрмет ордені (Ресей) иегерлері Санат:Борышқа адалдығы үшін орденінің (Қырым) иегерлері Санат:Біртұтас Ресей мүшелері Санат:Ресей президенті әкімшілігінің қызметкерлері Санат:Ресей аймақтарының қазіргі басшылары Санат:Башқұртстан басшылары Санат:Ресей-Украина соғысына байланысты санкцияларға ұшыраған адамдар Санат:Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған