Ақсу футбол клубы — Павлодар облысы, Ақсу елді мекеніндегі Қазақстан чемпионаттарына қатысатын футбол клубы. 2018 жылы кәсіпқой клуб мәртебесін иеленді. Өз алаңындағы ойындарын көбіне Павлодардағы Орталық стадионда өткізеді. Кейде "Жұлдыз" стадионында ойнайды.

Маусымдар 2018 жылы Қазақстан чемпионатының екінші лигасында ойнап, 21 команданың арасында 15-ші орын алды.

2019 жылы тұңғыш рет Қазақстан кубогына қатысты.

Жетістіктері

Ұлттық

1 лига Жеңімпаз: 2021.

2 лига Жеңімпаз: 2020.

Сілтемелер Футболшылары Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:2018 жылы құрылған футбол клубтары