Борис Жұманов (27 тамыз 1959 жыл) — КСРО футболшысы, жартылай қорғаушы, қазақстандық футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Бүкіл карьерасында тек Алматының "Қайрат" клубында доп тепкен. 1977-89 жылдары алматылық клуб сапында ойнап, 1988 жылы КСРО Футбол федерациялары кубогының иегері атанды.
Футболмен қоштасқан соң қазақстандық бірнеше клубтың бапкерлер штабында жұмыс жасады.
1979 жылы Мәскеуде өткен бейресми турнирде Қазақ КСР құрамасы сапында бірнеше кездесуде алаңға шықтыhttp://footballfacts.ru/nationalteams/144465-kazahstan?sezon=11559 . Турнирде республикалық құрама сапында Александр Убыкин, Құралбек Ордабаев, Владимир Никитенко, Ваит Талғаев, Сейілда Байшақов, Антон Шох секілді танымал қайраттықтар ойнады.
Жетістіктері Ойыншы ретінде КСРО Футбол федерациялары кубогы: 1988 КСРО Чемпионатының қола жүлдегері: 1989 (1 лига) Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:27 тамызда туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Восток Өскемен ФК жаттықтырушылары Санат:Ақтөбе ФК жаттықтырушылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары