Оңтүстік-Шотланд қыраты(ағыл. Southern Uplands) - Шотландияның оңтүстігіндегі оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған Орташа шотланд ойпаты мен Англияның шекарасының арасындағы төбелі аймақ. Ол Галловей-Хилс, Лаутер-Хилс, Пентландс, Ламмермур-Хилс және Чевиот-Хилс сияқты көптеген төбелерден тұрады. Ең биік нүктесі - батысқа қарай орналасқан Меррик тауы (843 м).
Төбелер көбінесе еңіс және шөптер мен аршагүлдермен жайлаған.
Төбелі бедерлерге қарамастан, Орташа шотланд ойпатымен бірге тарихи аймақ Лоулендке жатады, осылайша елдің солтүстік-батысындағы Хайлендске қарсы қойылып салыстырылады.
Санат:Шотландия географиясы