Пеньково — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, Рощин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Бескөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 километрдей жерде.
Тарихы Іргесі 1923 жылы қаланған. 1930 жылы ұжымшар болып құрылды. Шағын екі ұжымшар бірігіп, 1953 жылы астық өсіретін кеңшар болып ұйымдасты. Кеңшар негізінде Пеньковода сары май, шұжық жасайтын цехтар және мал азығын дайындайтын шағын цех жұмыс істейді. Пеньково арқылы Петропавл–Омбы автомобиль магистралі өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1048 адам (519 ер адам және 529 әйел адам) болса, 2009 жылы 958 адамды (462 ер адам және 496 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қызылжар ауданы елді мекендері