нобай|upright|Орган нобай|Әйел (сол жақта) портативті органда ойнап жатыр (гидравлос?). Марьямин ауылындағы (Хама маңында) Византия вилласынан алынған мозаика, б.з. 4 ғасырдың аяғы. Хама археологиялық мұражайы. Орган ( — құрал, аспап) — үрмелі клавишті музыкалық аспап.
Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Египет, Византия елдерінде пайда болды. 7 ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Органның дыбыс тембрі ерекше және түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы әр түрлі түтіктері болады. Әр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Әрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органның 1–7 мануал (әрқайсысында 72 клавиштан), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. Бах, В.А. Моцарт, Л. Бетховен, Й. Гайдн, И. Брамс, Д. Шостакович, т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында (1967) орнатылып, орган класы ашылған «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том. Алматыдағы Қазақ филармониясында, Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында (2005) орган орнатылдыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Музыкалық аспаптар