Эрик Силвен Абидаль (, 11 қыркүйек 1979 жыл, Лион, Франция) — француз футболшысы, қорғаушы.
Карьерасы Франция Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2006 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Карьерасында бірнеше француз клубтарында және Испанияның "Барселона", Грекияның "Олимпиакос" клубтарында доп тепті.
Ең табысты болған жылдары "Барселонада" ойнаған маусымдар. Бұл команданың сапында мүмкін болған жүлденің бәріне қол жеткізді: екі дүркін Чемпиондар Лигасын, төрт рет Испания чемпионатын ұтып алды.
2011 жылы қатты ауырып, бірнеше ай алаңға шыға алмады. Сол жылы "Барселона" Чемпиондар лигасын ұтты да, "Уэмблидегі" финалдан соң кубокты көтеру мәртебесін Абидальға берді.
Қазір "Барселонада" техникалық хатшы қызметін атқарады.
Жетістіктері
Командалық
Франция чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2006/07 Франция суперкубогы (3): 2005, 2006, 2007
Чемпион Испании (4): 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13 Испания кубогы (2): 2008/09, 2011/12 Испания суперкубогы (3): 2009, 2010, 2011 Чемпиондар Лигасы (2): 2008/09, 2010/11 УЕФА суперкубогы (2): 2009, 2011 Клубтар арасындағы әлем чемпионы (2): 2009, 2011
Грекия чемпионы: 2014/15
Жеке
УЕФА жыл ойыншысы: 2006
Дереккөздер
Сілтемелер Эрик Абидаль Профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары