Вилли Саньоль (; 18 наурыз 1977, Сент-Этьенн, Франция) — француз футболшысы, қорғаушы. Қазір бапкерлікпен айналысады.
Карьерасы "Сент-Этьенн" клубының түлегі. 1997-2000 жылдары "Монако" командасында ойнады. 2000 жылдан карьерасын аяқтағанша "Баварияның" намысын қорғады. 2009 жылы денсаулығына байланысты карьерасын аяқтады.
2006 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2001, 2003 жылдары ұлттық құрама сапында Конфедерациялар кубогында топ жарды.
2013-14 жылдары Франция жастар құрамасын жаттықтырып, бапкерлік карьреасын бастады.
2017 жылы "Баварияның" бапкерлер штабына енді. 2017 жылы күзде бас бапкердің міндетін атқарушы боп қызмет жасады да, Юпп Хайнкес келген соң ол қызметтен босады.
Жетістіктері
Командалық
«Монако»
Фоанция чемпионы: 1999/00 Франция кубогы: 1997
«Бавария»
Германия чемпионы: 2000/01, 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2007/08 Германия кубогы: 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2007/08 Лига кубогы: 2000 Чемпиондар Лигасы: 2000/01 Құрлықаралық кубок: 2001
Франция құрамасы
Конфедерациялар кубогы: 2001, 2003 ӘЧ күміс жүлдегері: 2006
Жеке өмірі Отбасылы, төрт баласы бар. Француз тележүргізушісі Алессандро Сюбленің немере туысы.
Қатысқан турнирлері
Конфедерациялар кубогы: 2001, 2003 Әлем чемпионаттары: 2002, 2006 Еуропа чемпионаттары: 2004, 2008
Санат:Франция футболшылары Санат:Сент-Этьен ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бордо ФК жаттықтырушылары