Эдино Назарет Фильо (порт. Edino Nazareth Filho; 5 маусым 1955, Рио-де-Жанейро), Эдиньо (порт. Edinho) ретінде танымал — бразилиялық футболшы. Кейін бапкерлікпен айналысты. Бразилия ұлттық футбол құрамасының қорғаныс шебінде ойнаған.

Карьерасы Карьерасын 13 жасында "Флуминенсенің" жастар клубында бастады. 1975 жылдан "Флуминенсенің" бірінші клубында алаңға шыға бастады. Оны командаластары «Триколор-Машина» деп атады. Бес жылда үш рет Рио-де-Жанейро чемпионатын ұтып алды.

1982 жылы Италияның "Удинезе" клубына ауысты. Италиялық клуб сапында бес жылдай ойнап, отандасы Зико екеуі жетекші футболшысы болды.

1987 жылы Бразилияға қайта оралып, "Фламенго" сапында ойнады. Онан соң туған командасы "Флуминенсеге" қайта келді де, кейін "Гремиода", Канаданың "Торонто" клубтарында өнер көрсетті.

Ұлттық құрама сапында 1986 жылғы әлем чемпионатына барды.

Клубтары Жастар клубы1969—1974 ФлуминенсеКлубтық карьерасы1975—1982 Флуминенсе1982—1987 Удинезе138 (22)1987—1988 Фламенго62 (3)1988—1989 Флуминенсе1989—1990 Гремио1990 ТоронтоҰлттық құрама Бразилия (жастар.)24 (1)1976 Бразилия (олимп.)5 (0)1977—1986 Бразилия59 (4)1996 Бразилия (жағажай.)? (?)Бапкерлік1991 Флуминенсе1992 Ботафого1993 Флуминенсе1993—1994 Маритиму1994—1995 Фламенго1996 Витория (Салвадор)1997 Португеза Деспортос1998 Флуминенсе1998 Гремио2002—2003 Гояс2003 Витория (Салвадор)2003 Баия2004—2005 Бразильенсе2005 Атлетико Паранаэнсе2005 Спорт (Ресифи)2006 Португеза Деспортос2008—2009 Боависта (Сакуарема)2010 Жоинвиль

Жетістіктері

Ойыншы ретінде Командалық Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1975, 1976, 1980 Панамерикан ойындарының жеңімпазы: 1975 Бразилия чемпионы: 1987 Кирин Кубогы: 1988 Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 1989 Бразилия кубогы: 1989 Жағажай футболынан әлем чемпионы: 1996

Жеке Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 1972, 1982 Жағажай футболнынан әлем чемпионатының үздік ойыншысы: 1996

Бапкер ретінде Гуанабара Кубогы: 1991, 1993 Баия штатының чемпионы: 1996 Гояс штатының чемпионы: 2002 Парана штатының чемпионы: 2005

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Флуминенсе ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Торонто ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары