Виктор Мозес (, 12 желтоқсан 1990 жыл, Кадуна, Нигерия) — нигериялық футболшы, «Қайсар» клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы Клубтық Виктор Мозес Нигерияда дүниеге келген. Мемлекеттегі діни көтерілістерден соң ата-анасынан айрылды да, асырап алған отбасымен бірге Англияға көшіп кетті. Футбол мектебінде оқып жүріп ең әуелі "Кристалл Пэлас" селекционерлерінің көзіне түсіп, 11 жасында сол клубтың академиясына қабылданды.
Карьерасын "Кристалл Пэластың" жастар клубында бастады. 2007 жылы 6 қаңтарда бірінші рет кәсіпқой футболшы ретінде алаңға шықты. Алғашқы добын 2008 жылдың қысында соқты. Сол маусымда-ақ негізгі құрам ойыншыларының біріне айналып, 2010 жылы қаңтарда "Уиган Атлетикке" ауысты.
2012 жылы оны "Челси" сатып алды. Алайда, 2016 жылға дейін "Ливерпуль", "Сток Сити", "Вест Хэм" секілді клубтарға жалға беріліп, лондондық клубта мүлдем ойнаған жоқ. 2015 жылы "Челсимен" келісім шартын 2019 жылға дейін ұзартты.
2019 жылы қаңтар айында "Фенербахчеге" жалға берілді.
2020 жылы қаңтарда "Интернационалеге" жарты жылға жалға берілді. Қыркүйекте "Челсиге" қайта оралды. Қазан айында қайтадан Мәскеудің "Спартагына" жалға кетті. Ұлттық құрама Виктор Англияның түрлі жастағы құрамасында ойнап шықты. Бірақ 2011 жылы тарихи отаны Нигерияны таңдады. Ол жастар құрамасында ойнағандықтан, бірден Нигерия сапында алаңға шыға алған жоқ, ФИФА-ның рұқсатын күтті. 2011 жылы 1 қараша күні ФИФА Нигерия құрамасында доп тебуге рұқсат берді.
Қатысқан турнирлері
Конфедерациялар кубогы 2013 Футболдан 2014 жылғы әлем біріншілігі Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі
Жетістіктері Командалық
«Челси»
Еуропа Лигасы: 2012/13 Англия чемпионы: 2016/2017 Англия кубогы: 2017/18
Нигерия құрамасы
Африка чемпионы: 2013
Жеке
Африка Ұлттары кубогындағы ең адал ойыншы: 2013
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (Chelsea-fc.ru) Профилі (Chelseafc.com) Профилі (Worldfootball.net) Профилі (Football-lineups.com)
Санат:Нигерия футболшылары Санат:Нигерия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары Санат:Кристалл Пэлас ФК ойыншылары Санат:Уиган Атлетик ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Лутон Таун ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары