Антонио Аугусто Рибейро Реис Жуниор (; 30 қаңтар 1975 жыл, Ресифи), Жуниньо Пернамбукано ( ретінде кеңінен танымал) — бразилия футболшысы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы Тегі "Пернамбуку штатынан" деген мағынаны береді. Айып добын орындаудың шебері.

Карьерасын Бразилияның "Спорт Ресифи" клубында бастады. 1994 жылы "Васко да Гама" клубына ауысып, 2001 жылға дейін ойнады. Команда сапында ойнап жүріп Оңтүстік Америкадағы клубтық деңгейдегі жүлделердің барлығын дерлік ұтты.

2001 жылы Францияның "Лион" клубына ауысып, қатарынан жеті рет ел чемпионы атанды. 2008 жылы "Лионнан" кеткен соң көзге түспей қалды. Кейін де бірнеше рет клуб ауыстырып, 2014 жылы футболмен қоштасты.

Ұлттық құрама сапында 2006 жылға дейін ойнады. 2005 жылы Конфедерациялар кубогының жеңімпазы атанды. 2006 жылы әлем біріншілігіне қатысып, үшінші турда Жапонияның қақпасына бір гол соқты.

Жетістіктері

Командалық Спорт Ресифи

Пернамбуку чемпионы: (1) 1994 Солтүстік Шығыс кубогы: (1) 1994

Васко да Гама

Бразилия чемпионы: (1) 1997 Жуан Авеланж кубогы: (1) 2000 Либертадорес кубогы: (1) 1998 Меркосур кубогы: (1) 2000 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: (1) 1998 Гуанабара кубогы: (2) 1998, 2000 Рио Кубогы: (3) 1998, 1999, 2001 Рио-Сан-Паулу турнирінің жеңімпазы: (1) 1999 Клубтар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2000 Құрлықаралық кубоктың финалисі: 1998

Лион

Франция чемпионы: (7) 2001/02, 2002/03, 2003/04, 2004/05, 2005/06, 2006/07, 2007/08 Франция кубогы: (1) 2007/08 Франция суперкубогы: (6) 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007

Әл-Гарафа

Катар чемпионы: (1) 2009/10

Нью-Йорк Ред Буллз

MLS шығыс лигасы: (1) 2013 Supporters’ Shield MLS жеңімпазы: (1) 2013

Бразилия

Конфедерациялар кубогы: (1) 2005

Жеке

Франция чемпионатының үздік футболшысы: (1) 2005/06 Катардағы жыл футболшысы: (1) 2010

Сілтемелер Ресми сайты Санат:30 қаңтарда туғандар Санат:Спорт Ресифи ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Әл-Гарафа ФК ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ред Буллз ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары