Ромарио де Соуза ФарияКей жерлерде португалша нұсқа бойыншаРомариу ди Соза Фария. (; 29 қаңтар 1966, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, шабуылшы, бүгінде саясаткер. 2015 жылдың 1 ақпанынан бері Рио--де-Жанейро штатын Бразилияның федералды кеңесінің сенаторы.

Футболшы туралы фактілер

1994 жылы әлем чемпионы атанды. 1994 жылғы әлем біріншілігінде бес гол соқты. Бүгінде саясаткер. 2010 жылы Бразилия Социалистің партиясының атынан Ұлттық конгрестің төменгі палата мүшесі боп сайланды. 2015 жылы 1 ақпаннан бастап Рио-де-Жанейро штатының атынан Бразилияның федеральды сенаторы. Мерзімі 2023 жылға дейін. 2007 жылы 21 мамырда өзінің есептеуінше карьерасындағы 1000-шы голды енгізді. Бірақ бұл ФИФА тарапынан мойындалған жоқ. Себебі ол 1000 голдың ішінде жастар клубында соққан голдары мен клубтық командалардағы жолдастық ойындарда (клубтық командалардың жолдастық кездесулері ресми саналған емес) енгізген доптары да бар. Ромарионың 1000-шы голы соғылған Дуки-ди-Кашиастағы 10000 адамдық стадионға футболшының аты берілген. 2009 жылы 43 жасында "Америка Рио-де-Жанейро" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Командалық Васко да Гама

Кариока лигасының чемпионы (2): 1987, 1988 Меркосур кубогы (1): 2000 Бразилия чемпионы (1): 2000

ПСВ

Нидерланд чемпионы (3): 1988/89, 1990/91, 1991/92 Нидерланд кубогы (2): 1988/89, 1989/90

Барселона (2):

Испания чемпионы 1992/93, 1993/94

Испания суперкубогы (1): 1994

Фламенго

Кариока лигасының жеңімпазы (2): 1996, 1999 Гуанабара кубогы (2): 1995, 1996 Алтын кубок иегері (1): 1996 Меркосур кубогы (1): 1999

Әл-Садд

Катар чемпионы (1): 2003/04

Бразилия

Әлем чемпионы 1994 Оңт. Америка чемпионы: 1989, 1997 Конфедерациялар кубогы: 1997 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1988

Жеке

Нидерландыдағы жыл футболшысы: 1989 Әлем чемпионатының үздік ойыншысы: 1994 ФИФА жыл ойыншысы: 1994 Оңтүстік Америка жыл футболшысы: 2000 Бразилияның үздік футболшысы: 2000 ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер Ромарио Ұлттық төменгі палата мүшесі Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Флуминенсе ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Форт-Лодердейл Страйкерс ФК ойыншылары Санат:Аделаида Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Америка Рио-де Жанейро ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Васко да Гама ФК жаттықтырушылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері