Вилхелмюс Мария (Вим) Йонк (; 12 қазан 1966 жыл, Волендам) — нидерланд футболшысы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық "Волендам" клубының түлегі. 1986 жылы кәсіпқой карьерасын бастап, екі маусым ойнады.

1988 жылы "Аякске" ауысты. "Аякс" сапында да, бұдан кейінгі "Интернационале" сапында да УЕФА кубогына қол жеткізді. 1995 жылы ПСВ Эйндховен футболшысы атанды.

Карьерасының соңғы жылдарында "Шеффильд Уэсндей" клубында ойнап, 2001 жылы футболмен қоштасты.

Ұлттық құрамада Нидерланд құрамасы сапында 1992 жылы 27 мамыр күні Аустриямен ойында алаңға шықты. 75-минутта алаңға шықты, бұл кездесуде Нидерланд 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші рет 30 мамыр күні Уэльспен ойында құрама сапындағы тұңғыш голын соқты. Бұл ойында "қызғалдақтар елі" 4:0 есебімен жеңіске жетті.

1992 жылғы Еуропа біріншілігінде Йонк қола жүлдегер атанды. Бұдан соң ӘЧ-1994, ӘЧ-1998 турнирлеріне қатысты. Құрамада барлығы 49 ойында алаңға шығып, 11 гол енгізді. Соның екеуін 1994 жылғы әлем біріншілігінде соқты, Топтық турнирде Сауд Арабиясы қақпасына (2:1) жеңіс голын енгізсе, 1/8 финалдағы Ирландиямен ойында есепті еселеді (2:0).

Жетістіктері

Нидерланд чемпионы: 1989, 1996 Нидерланд кубогы: 1992, 1995 Нидерланд суперкубогы: 1996, 1997 УЕФА кубогы: 1992, 1994

Сілтемелер Профилі Статистикасы

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Шеффилд Уэсндей ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары