Адрианус (Ари) Хан (; 16 қараша 1948 жыл, Финстерводле) — нидерландылық футболшы, жартылай қорғаушы. Кейін бапкерлікпен айналысты.

Мансабы 1974 және 1978 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. "Аякс" сапында жүріп үш дүркін Еуропа Чемпиондар кубогының жеңімпазы атанды. 1975 жылы "Андерлехтіге" ауысып, алты жылдай ойнады.

1981 жылы "Андерлехт" сапында Бельгия чемпионы атанған соң, Бельгияның тағы бір клубы - "Стандардта" доп теуіп, 1983 жылы Нидерландыға оралды да, ПСВ сапына қосылды. 1984 жылы Гонконгтың "Сейко" клубында азырақ ойнап, футбол ойнауды доғары.

Ұлттық құрамада 35 матч өткізіп, алты гол соқты. 1978 жылғы әлем біріншілігінің екінші раундында Италияның қақпасына жеңіс голын соғады, бұл гол кейін алыс қашықтықтан соғылған голдардың ең үздігі саналды. Осы голдан соң құрама финалға жолдама алды, бірақ Аргентинадан 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Жетістіктері

Командалық

Ұлттық құрама

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1974, 1978

«Аякс» (Амстердам)

Нидерланд чемпионы (3): 1969/70, 1971/72, 1972/73 Нидерланд кубогы (3): 1969/70, 1970/71, 1971/72 Чемпиондар кубогы (3): 1970/71, 1971/72, 1972/73 Еуропа Суперкубогы (2): 1972, 1973 Құрлықаралық кубок: 1972

«Андерлехт»

Бельгия чемпионы: 1980/81 Бельгия кубогы: 1975/76 Кубок иелері кубогы (2): 1975/76, 1977/1978 Еуропа суперкубогы (2): 1976, 1978

«Стандард» (Льеж)

Бельгия чемпионы (2): 1981/82, 1982/83

ПСВ

Нидерланд чемпионатының күміс жүлдегері: 1983/84

Бапкер ретінде

«Андерлехт»

Бельгия чемпионы (2): 1985/86, 1986/87

«Стандард» (Льеж)

Бельгия кубогы: 1992/93

Жеке

Алтын доп номинанты: 1978

Сілтемелер Профилі Ұлттық құрамадағы статистикасы Статистикасы Профилі мен статистикасы

Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футболшылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Андерлехт ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Фейеноорд ФК жаттықтырушылары Санат:Андерлехт ФК жаттықтырушылары Санат:ПАОК ФК жаттықтырушылары Санат:Омония Никосия ФК жаттықтырушылары Санат:Аустрия Вена ФК жаттықтырушылары Санат:Қытай Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Персеполис ФК жаттықтырушылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Албания Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Тянзың Тэда ФК жаттықтырушылары Санат:Антверпен ФК жаттықтырушылары Санат:Стандард Льеж ФК жаттықтырушылары Санат:Штутгарт ФК жаттықтырушылары Санат:Нюрнберг ФК жаттықтырушылары