Хәрри Эдвард Кейн (; 28 шілде 1993, Үлкен Лондон) — ағылшындық футболшы, «Бавария» клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы. 2026 жылғы "Ballon d'Or" Алтын доп жүлдесінің иегері.
Мансабы 2011 жылдан бері "Тоттенхем" командасының футболшысы. Әр жылдары "Лейтон Ориент", "Миллоул", "Лестер Сити" секілді англиялық клубтарға жалға берілді. Қазіргі келісім-шарты 2020 жылға дейін жарамды. Премер-Лигадағы алғашқы ойынын 2012 жылы 18 тамызда "Ньюкаслға" қарсы өткізді.
Англияның түрлі жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамада тұңғыш рет 2015 жылы 28 наурыз күні Литваға қарсы кездесуде 72-минутта Уэйн Рунидің орнына алаңға шықты. Бір минут өтісімен-ақ гол соғып, ұлттық құрамадағы жеке голдар есебін ашты.
Ал 2018 жылғы әлем біріншілігіне құрама капитаны ретінде барып, алғашқы турда Тунистің қақпасына екі гол соқты да командасын жеңіске жетеледі. Екінші голды ойынның бітуіне санаулы секундтар қалғанда ғана енгізді.
Статистикасы 13 мамыр, 2018 КлубМаусымЛигаКубокЛига кубогыЕурокубоктерБасқа даҚорытындысыОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолТоттенхэм Хотспур2011/120000006100612012/131000000000102013/14103002170001942014/1534212063970051312015/1638254110720050282016/1730293400520038352017/183730440077004841Бәрі15010813994411900213140Лейтон Ориент(аренда)2010/1118500000000185Бәрі18500000000185Миллуолл(аренда)2011/1222752000000279Бәрі22752000000279Норвич Сити(аренда)2012/13301010000050Бәрі301010000050Лестер Сити(аренда)2012/1313200000020152Бәрі13200000020152Бүкіл карьерасында2061221911104411920278156
Жетістіктері «Миллуолл» клубындағы жылдың үздік жас футболшысы: 2011/12 Премьер-лигадағы айдың үздік футболшысы (2): қаңтар 2015, ақпан 2015 Ағылшын Премьер-лигасының үздік мергені (2): 2015/16 (25 гол), 2016/17 (29 гол)
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі Профилі Статистикасы
Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Лейтон Ориент ФК ойыншылары Санат:Миллоул ФК ойыншылары Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары Санат:Норвич Сити ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері