Ростов АренаСәулетшісіОрналасуыДондағы Ростов, РесейСалынған2012Ашылған2018 Қайта өңдеуден өткеніСыйымдылығы45 000 (ӘЧ-2018-ден соң 37868)ТорбетіИесіРостов облысыКомандасыРостов ФК Ростов Арена — Ресейдің Дондағы Ростов қаласында орналасқан стадион. Дон өзенінің жағалауына салынған. Сипаттамасы Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігін өткізу үшін арнайы тұрғызылған арена. Әлем чемпионаты күндері 45 000 адам жайғаса алады. Әлем чемпионатынан соң сыйымдылығын 37 мыңға дейін азайту жоспарланған. Жергілікті "Ростов" командасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.

Стадиондағы алғашқы ресми матч 2018 жылы 13 мамырда өткізілді. 2018 жылғы әлемдік доданың топтық турниріндегі бес ойыны мен 1/8 финалдағы бір кездесу осында өткізіледі. Сілтемелер Стадион жайлы ақпараттар

Санат:Стадиондар Санат:Ресей футбол стадиондары