Адемир Маркес де Менезис (порт.Ademir Marques de Menezes; 8 қараша 1922 жыл — 11 мамыр 1996 жыл) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасы тарихындағы ең үздік шабуылшылардың бірі.
Мансабы Футболға 14 жасында келді. Екі рет штаттар арасында чемпион атанып үлгерді. Кейін ересектер арасында үш рет осы титулға қол жеткізді. 1948 жылы кәсіпқойлық деңгейін көтеру үшін "Флуминенседен" "Васко да Гамаға" қайта оралды. Онысы нәтиже берді де: Бразилия Ұлттық футбол құрамасына қайта шақырылды. Футболдан 1950 жылғы әлем біріншілігінде ең үздік мерген атанды. Чемпионатта Адемир сегіз гол соқты. Тек топтық турнирдің соңғы матчында Уругвайдың қақпасына гол соға алмады. Бұл ойында Бразилия құрамасы 1:2 есебімен ұтылып, чемпион атана алмады.
1954 жылғы әлем біріншілігіне Адемир жарақатының кесірінен бара алмады.
Бапкерлік карьерасы ұзаққа созылмады. Аз уақыт "Васко да Гаманың" тізгінін ұстады да, көп ұзамай өз еркімен бас тартты. 1937—1942 Спорт Ресифи ? (27) 1942—1945 Васко да Гама 1946—1947 Флуминенсе 77 (64) 1948—1956 Васко да Гама 429 (301) 1957 Спорт Ресифи 1 (0)
Жетістіктері Командалық Оңтүстік Америка чемпионы: 1949 Әлемнің вице-чемпионы: 1950 Рио штатының чемпионы (5): 1945, 1946, 1949, 1950, 1952 Пернамбуку штатының чемпионы: 1939, 1940, 1941 Клубтар арасындағы Оңт. Америка чемпионы: 1948
Жекелей Әлем чемпионатының үздік мергені: 1950 (8 гол) Америка Кубогы финалында хет-трик жасаған жалғыз футболшы: 1949Southamerican Championship 1949.
Дереккөздер
Сілтемелер Биографиясы
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Спорт Ресифи ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Флуминенсе ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Васко да Гама ФК жаттықтырушылары