Люсьен Лоран (; 10 желтоқсан 1907, Сен-Мор-де-Фоссе, Париж — 11 сәуір 2005, Безансон) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы, әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш голдың авторы ретінде танымал.

Мансабы 1921-1930 жылдары "Серкль Атлетик" клубында ойнап жүріп "Сошоға" ауысты. Әлем чемпионатына бару үшін құрамаға "Сошоның" сапынан шақырылды. 1930 жылы 13 шілдеде әлем біріншілігінің беташар матчында Франция — Мексика құрамалары ойнады. 19-минутта Лоран есеп ашып, әлем чемпионаттары тарихындағы бірінші голдың авторы атанды. "Ойын басында екі құрама ойыншылары да бірінші болып есеп ашуға тырысты. Біз бірнеше шабуыл жасадық. Бір шаубылда оң қапталдан асырылған допты айып алаңына кіре берісте қақпашы Бонфильоның оң жағынан зу еткіздім. Ол кезде қазіргідей мәре-сәре боп, құшақтасып голды тойлау деген жоқ-тұғын. Командаластарым арқамнан қақты да қойды". (Лоранның естелігінен).

Бұл ойында Франция 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ кейінгі екі ойында ұтылып, жартылай финалға шыға алмады.

Лоран тек француз клубтарында ғана ойнады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде үш жыл тұтқында отырды. Соғыстан кейін азырақ уақыт "Безансон" сапында доп тепті де, сол қалада орнығып қалды.

Бапкерлік ғұмырында біаз уақыт "Безансонды" жаттықтырды.

2005 жылы 11 сәуірде 98 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Ұлттық құрама сапындағы матчтары

Жетістіктері Франция кубогы: 1928

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі Биографиясы

Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сошо ФК ойыншылары