Сарыбастау — Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл, Ұзақ батыр ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Нарынқол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.

Тарихы Ауыл 1930—34 жылдары Сарыбастау, 1935—38 жылдары О.Жандосов атындағы ұжымшардың, ал 1953—97 ж.ылдары қой өсіретін ұжымшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Сарыбастауда шаруа қожалықтары жұмыс істеді. Ауылдың солтүстік-шығысына қарай 9–10 км-дей жерде, Қашғарияға барған сапарында Ш.Уәлиханов жүріп өткен, жергілікті тұрғындар “Шоқан асқан” деп атайтын тау массиві бар.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен33023129 2009 64,2 1634 1077 65,9 1495 932 62,3

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы елді мекендері