Мыржық – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі жота.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы және Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылып жатыр, енді жері 20 – 25 км. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Беткейлері, өзен аңғарлары, сай-жыралармен тілімденген, толып жатқан жартасты қырқалар мен шоқылардан тұрады. Олардың арасындағы ең биігі – Егібай тауы (абс. биікт. 970 м). Оңтүстігінен Сарыөзеннің жоғарғы сол салалары, солтүстігінен Жіңішкебұлақ, т.б. өзендер бастау алады.
Геологиялық құрылымы Протерозой мен ордовиктің метаморфтанған шөгінділерінен, магмалық жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Таулық қоңыр топырағында бетеге, қылқан селеу, сұлыбас, бөрте жусан, суық жусан, өзен аңғарларында түрлі бұта, әр түрлі шөпті, бидайықты шалғын өседі, шатқалдарында қайың,тал, итмұрын, арша кездеседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары Санат:Жаңасемей ауданы таулары