Аян Өмірәліұлы Өтепберген (26 сәуір, 1992 жылы Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2012). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері (2016 жылдан).

Толығырақ Аян Өмірәліұлы 1992 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған. 2008 - 2011 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы жанындағы колледжге "Музыкалық драма және кино актері" мамандығы бойынша бітірген. 2011 - 2015 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының “Театр өнері” факультетін “Музыкалық драма театрының актері" мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Асхат Маемировтің шеберханасында білім алды. 2011 жылдан Қазақфильм актері 2016 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.

Сахнадағы негізгі рөлдері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры]да: М. Әуезовтің "Абайында" Айдар (реж. Е. Обаев), М. Омарованың "Ақтастағы Ахикосында" Ахиконың әкесі (реж. А. Маемиров) және т.б.

Кинофильмдері Кинопоиск деректері бойынша 2012—2026 жылдары 18 фильм мен телесериалда түскен. Жылы Атауы Рөлі 2012 Жаужүрек мың бала Таймас 2015 Рэкетир 2 (Рэкетир 2) Туча 2016 Қазақ хандығы. Алмас қылыш (телесериал) — 2017 Тайталас (телесериал, 2017—2018) Куаныш Нурабаев 2019 Дала қырандары (телесериал) — 2019 Айналар (Зеркала) — 2019 Қазақ хандығы. Алтын тақ (телесериал) Бурындық 2019 Томирис Тирап 2019 Захар Беркут — 2021 Бизнесмен (телесериал) Тәуекел 2021 Groza (телесериал) — 2023 Бесбармақ — 2023 Shulamah — 2023 Qaitalanbasyn — 2025 Туысқан Самат 2025 Ауру Аза 2026 Соңғы махаббат Айдар

Дискографиясы Apple Music деректері бойынша. Шыққан күні Атауы Түрі Ескертпе 2020 жылғы 9 қыркүйек At Jangyryq (Live) EP (5 трек) Тікелей орындау 2020 жылғы 27 қараша Kúl Сингл De Lacure-мен бірге 2024 жылғы 16 қаңтар Lauralar Klara Quralaylar Сингл 2025 жылғы 5 қыркүйек Теңіз бар арада Сингл Жұлдыз Өмірғалимен бірге

Марапаттары 2012 жылы Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанды 2013 жылы Жаужүрек мың бала фильміндегі Таймас рөлі үшін Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегерлері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері