Маяк — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Маяк ауылдық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстікке қарай 26 км-дей жерде.

Тарихы Іргесі 1964 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде “Маяк” кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде мұнда 3 ЖШС құрылды.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1409 адам (687 ер адам және 722 әйел адам) болса, 2009 жылы 954 адамды (485 ер адам, 469 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Сарыкөл ауданы елді мекендері