Қопа — Ақтөбе облысы Темір ауданы, Сарыкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде, Аққұм құмының оңтүстігінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 369 адам (183 ер адам және 186 әйел адам) болса, 2009 жылы 297 адамды (153 ер адам және 144 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 228 адамды (117 ер адам және 111 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Инфақұрылымы Ауылда орта мектеп, амбулатория, дүкендер, клуб, т.б. салалар бар.
Дереккөздер
Санат:Темір ауданы елді мекендері