Қауылжыр — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауыл, Қауылжыр ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Шалқар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде. Ақтөбе қаласынан 363 км жерде орналасқан. Округ Қауылжыр өзенінің бойында орналасқан. Округте ГКС-12 ЖОББ мектебі және №42 бастауыш мектебі орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1246 адам (603 ер адам және 643 әйел адам) болса, 2009 жылы 1307 адамды (646 ер адам және 661 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том http://shalkar.aktobe.gov.kz/ru/node/1818
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 925 адамды (460 ер адам және 465 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы елді мекендері