Рапсод(rhapto-тігемін, кестелеймін және ode-жыр)-ежелгі Грециядағы кезбе жыршылар. Ол эпикалық жырларды жаттап алып, музыкалық аспаптың сүйемелінсіз, әндете жырлайтын болған. Гомердің "Илиада", "Одиссея" шығармалары осындай жыр айтушылардан жазылып алынған деп саналады. Рапсодтардың айтатын өлең-жырлары "рапсодия" делінеді. Кейіннен композиторлардың халық әндерінің тақырыбына негізделген шығармалары рапсодия деп аталатын болды. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Рапсод · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.