нобай
Илья Калинин — 1992 жылы 3 ақпан Алматы қаласында дүниеге келген. Өзінің мансабын "Қайрат" футбол клубында бастап, 2014 жылы "Қайсар" футбол клубына көшкен. Қазіргі уақытта алматылық "Қайрат" футбол клубында өнер көрсетеді.
Клуб мансабы 2010-2011 жылдары бірінші лигада өнер көрсеткен "Цесна" клубында ойнады. Екі маусымда 57 матчқа қатысып, қарсыластар қақпасына 6 гол соқты. 2012 жылғы 18 наурызда Қазақстан Суперлигасында дебют жасады: "Қайрат" өз алаңында "Оқжетпес" клубына қарсы ойнады. 2012 жылғы 27 шілдеде Қазақстан чемпионатындағы алашқы голын "Қайсар" қақпасына соқты. Келесі турда "Жетісу" қақпасына да гол енгізді. Кейін дәл осы екі клубта ойнады. 2012 жылғы Қазақстан чемпионатында жалпы 19 матч өткізіп, 2 гол соқты. Келесі маусымда 16 ойын өткізді. 2014 жылғы чемпионатта "Қайсар" сапында өнер көрсетіп, 23 матчта 1 гол соқты. 2015 жылғы чемпионатта "Қайрат" құрамында 1 ойын ғана өткізіп, маусымның ортасына дейін қосалқы құрамда болды. Шілде айының соңында қайтадан алаңға "Қайсар" сапында шықты. 8 матч өткізіп, 1 гол соқты. 2016 жылғы маусымды "Жетісу" құрамында өткізді. 2013-2014 жылдары Қазақстан жастар футбол құрамасы (21) сапында 7 матчқа қатысты.