Қалжан ахун (1997 жылға дейін — Амангелді)Оңтайландыру жұмыстары — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Қалжан ахун ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңөзек ауылынан батысқа қарай 6 км-дей жерде, сарсазан, қарабарақ, бұйырғын, баялыш, т.б. сораң шөптесін өскен қуаң шөлді белдемде орналасқан.
Тарихы 1938 жылы Сталин және Чапаев атындағы колхоздар 1939 жылы құрылған Аманкелді колхозымен біріктіріліп, ірілендірілген Аманкелді колхозы құрылды. 1958 жылы Аманкелді және Каганович атындағы колхоздар біріктіріліп, Ленин атындағы колхоз болып қайта ұйымдастырылды. Оның әкімшілік орталығы қазіргі Сәкен Сейфуллин ауылына көшірілді.
Колхоздарды біріктіру үдерісі мұнымен аяқталған жоқ. 1963 жылы Ленин атындағы колхоздың негізінде Партияның ХХІ съезі атындағы кеңшар құрылды. 1975 жылы осы кеңшар құрамынан Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшар жеке бөлініп шықты.
1984 жылы кеңшардың орталығы Қызылдихан ауылынан Аманкелді учаскесіне, қазіргі Қалжан ахун ауылына көшірілді. 1993 жылы Партияның ХХІ съезі атындағы кеңшардың атауы О. Мәлібаев атындағы кеңшар болып өзгертілді. 1997 жылы аталған кеңшар екі дербес шаруашылыққа бөлініп, Қалжан ахун және О. Мәлібаев атындағы кеңшарлар ретінде қайта құрылды.Жанәлі Б. Ғұлама ақын Қалжан ахун атымен аталатын ауыл// Тіршілік тынысы, 2025 ж. 25 қаңтар
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1178 адам (582 ер адам және 596 әйел адам) болса, 2009 жылы 1174 адамды (602 ер адам және 572 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) елді мекендері