Заречное — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігі қарамағында болған ауыл, бұрынғы Заречный ауылдық округі орталығы. 2023 жылы таратылып, Жетіген ауылының құрамына енгізілді.Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Географиялық орны Қонаев қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде, Қаскелең өзенінің сол жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдасты сораң шөптесін өскен шалғынды-сұр топырақты қуаң шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен24773477 5348 153,8 1719 3539 205,9 1758 1809 102,9

Елді мекен аумағында Ішкі істер министрлігіне қарасты бірнеше еңбекпен түзеу колониялары орналасқан.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, т.б. әлеуметтік инфрақұрылымдар жұмыс істейді. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Қонаев қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері