Тебенқұйрық шулығаш () – Apodiformes отрядының Шулығаштар тұқымдастарының құсы. Жоны қошқыл қоңырқай және бауыры – ашық күрең, едәуір ірі денелі (жүз қырық, елу грамм шамасында) шулығаш. Қанаттары – қара, алқымы және құйрықасты – ақ. Қыста құйрық ұшы тегістеп қиылған, алайда он құйрық қауырсындарының сояуы пәрден кейін ұзарып, үшкірленіп бітеді. Тебенқұйрық шулығаш Қиыр Шығыс және Шығыс Сібірдің нағыз оңтүстігіне қоныстанады. Бұл шулығаштардың бірнешеуі бір рет Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөліктерінен және нағыз оңтүстігінен ауланады. Олардың ұшып өту жолынан біздегі оңтүстік және шығыс шекарасына таяу болуы да мүмкін. Бұл шулығаш әуеде ұшып жүріп, шіркейлерді жейді. Қиқуы – стри-и деген ащы дауыспен үйірде шуыл шығаратындықтан, шулығаш деп аталған. Еуразия және Солтүстік-Батыс Азияға кең таралған. Бүкіл Қазақстан бойында кездеседі.Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра
Дереккөздер
Санат:Азия құстары Санат:Ұзынқанаттылар