Шұбарқұр кейде Кәдімгі шұбарқұр кейде Сұрқұр () – шұбар реңді, басында кішкене айдары бар, тауықтәріздестер отрядының Қырғауылдар тұқымдасына жататын шағын денелі (300-500 г) құс. Аталығының қара алқымы ақ жолқпен көмкерілген; аналығының алқымы – шұбар. Еуразияның аралас ормандарында өмір сүреді.
Қазақстанда Алтай және Қалба Алтайынан кездеседі. Шұбарқұрлар жылдың үлкен бөлігінде ағаш бүршіктері және сырғаларымен қоректенеді, ал жазда жидектерді, тұқым және әр алуан бунақденелілерді талғау қылады. Құрлар сияқты қыста қара шұңқырдарында түңейді, өте суық күндері күндіз де сол шұңқырларда болуы мүмкін. Жылдың көпшілік бөлігін орманда, жерде өткізеді, қауіп төнген шақта ағаш басына ұшып барып қонақтауға ұмтылады. Әдетте көзге аз шалынатын ағаш бөрікбасының ортасына таман, ағаш діңіне қонақтайды. Аңшылық кәсіптің зерзаты болып саналадыҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.
Шұбарқұрдың дауысы Шұбарқұрдың дауысы - еміс-еміс естілетін әуезді ысқырық. Аталықтары осы дыбысты пайдаланып, күйттеу маусымында бірін-бірі іздестіріп, төбелеседі. Аңшылар бұл кезде аталықтың даусына салып, оларды оңай еліктіреді.
Дереккөздер
Санат:Тауықтәрізділер