Құмқұрт (Arenicola) - көп қылтықты құрттар туысы. Құмқұрт туралы Ұзындығы 30 см. Қою қоңыр не жасыл сұр. Құмқұрттың басы редукцияға ұшыраған, 11-40 бунақтарында қылтықтарынан басқа қызыл түсті желбезек шоқтары бар, денесінің соңғы бунақтары қылтықсыз. Сыртқа айналып ашылатын жұтқыншағы бетінде жұмсақ емізіктер болады. Тіршілігі Құмқұрт теңіз жағалауының лайлы-құмды жиегінен 30 см тереңдікке ін қазады. Құмқұрт құмды-лайды ішегі арқылы өткізіп, ондағы органикалық заттармен қоректенеді. Құмқұрт - треска, навага т.б. балықтардың жемі. Таралуы Ақ теңіз, Баренц теңізі, Қара теңіз, Байқал көлінде 4 түрі кездеседі. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Құрттар