Готлоб Фреге - неміс математигі, философы, логикі. 1879-1918 ж. Йена университетінің профессоры. Еңбек жолы "Пікірлерді есептеу ..." атты еңбегінде Готлоб пікірлерді есептеуді бір жүйеге келтіріп, баяндап береді. Оның бұл еңбегі математикалық дәлелдеу теориясы бастамасының негізін салды. Готлоб логика мен философиядағы субъективизиге қарсы болды. Ол логикадағы психологизм мен эмпирикалық бағытты қатты сынады. Готлоб Фрегенің еңбектері математикалық логика дамуының жаңа кезеңі болды, 20 ғасырдағы логиканың дамуына зор ықпалын тигізді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том
Дереккөздер
Санат:Германия тұлғалары