Сары долана (Crataegus azarolus, Crataegus pontica)- раушангүлділер тұқымдасына жататын, биіктігі 6-10 м, ағаш. Биологиялық сипаттамасы Бұтағы тікенсіз, жапырағы саусақ салалы, кезекті орналасқан, сағағы қысқа. Гүлі ақ не қызғылт, 6-14-тен жартылай шатырша гүл шоғырына топтанған, қос жынысты, аталығы көп Маусым-шілдеде гүлдейді, жемісі қыркүйекте піседі. Жемісі- дөңгелек, сүйекті, диметрі 15-25 мм, қызыл сары, қызғылт түсті. Таралуы Сары Долана Иран, Түркия, Орта Азия, Кавказда Қазақстанда Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Қолданылуы Сары Долананың жемісі жеуге жарамды, дәруменді. Сүрегі құрылыста құнды материа, гүлінен ара бал жинайды, әсемдік үшін қолдан өсіреді. Дереккөздер
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 42 бет Санат:Раушангүлділер